Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағзадағы тұмау вирусын қалай бірден анықтауға болады

Опубликовано:

Мәскеу мемлекеттік университеті мен Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкерлері бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде ағзадан тұмау вирусын табатын ерекше әдіс ойлап тапты. Әзірге аталмыш тәсіл вирусы бар тауық эмбриондарының сұйықтығына қолданылып көріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ profile.ru-ге сілтема жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аталмыш еңбегін ғалымдар Journals.plos журналына басып шығарған. Олардың сөзінше ерекше әдіс үшін, ғалымдар наноқұрылымданған күмісті пайдаланыпты. Осылайша ол алдымен кремний оксидіне жағылады екен.

Кейін вирусы бар сенсорға арнайы аптамеры молекулаларын құйып, оптикалық спектрометрді жақындатады екен. Сол сәтте тұмау вирусының бар-жоқтығы белгілі болады дейді ғалымдар.

Зерттеушілер осы тың әдісті алдағы уақытта тұмаудың барлық түріне қолданамыз деп отыр.

Айта кетейік, бұған едйін Жапонияда ғалымдар тұмаудың бір түрінің өзге вирусты тудыруға себеп болып, мутацияға әкеп соқтыруын хабарлаған еді. Бұған қоса аталған вирус барлық препараттарға тұрақты болып шыққан-ды. Десе де ересектер аталған вирустан тек дәрілік препарттар арқылы ғана емделіп шыға алатынын дәлелдеген.

Сол сияқты зерттеушілер қан қысымына ең пайдалы шырынды да анықтаған болатын. Олардың пайымынша мұндай шырын - итбүлдірген шырыны деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835903-agzadagy-tmau-virusyn-kalaj-birden-anyktauga-bolady/

pixel