Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды жылқы еті қайда жасалмақ

Опубликовано:

Ресейлік ғалымдар антибиотик және өзге де прапараттарсыз жасанды жылқы етін өндіріп шығармақ. Зерттеушілер етті жылқының бұлшық еттері жасушаларын арнайы инкубаторлар арқылы әзірлейміз деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар тіпті жасанды жылқы етінен жасалған котлет үш жылдан соң пайда болады, ал еттің өзі биопринтер арқылы алдағы бес жылда шығарылады деп отыр.

Мамандар мұндай етке болашақта сұраныс көп болады деп сенеді. Олар жасанды етті өндіру барысында жылқы жасушаларын пайдаланамыз дейді. Зерттеушілер оны арнайы таза ортада, вирус пен бактериялар түспейтін жерде шығармақ.

Басылымның мәліметінше, бүгінде әлемде жасанды ет жасап шығаруды көздейтін 30-дан астам жоба бар екен. Солардың бірі Ресейдің Қазақ қаласының ғалымдары ойлап тапқан – жасанды жылқы еті жобасы болмақ. Қазірдің өзінде олар мұндай өнімге жылқы жасушаларынан бөлек, май талшықтарын қосу ісін де бастапты. Олардың пайымдауынша, мұндай қосалқы қоспалар етке ерекше дәм бермек екен.

Олар ең алдымен мұндай еттен фарш әзірлеп, кейін одан котлет жасауды жоспарлап отыр. Ғалымдар болашақта бұл технология пайдалы болатыны зор сенім артып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдардың адамдардың 80 жылдан кейін қалай өзгеретіні туралы мақала жариялаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835904-zasandy-zylky-eti-kajda-zasalmak/

pixel