Выйти
RU

Адам өмірін 500 жылға ұзартуға болатыны рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғалымдар адам өмірін ұзартуға қатысты ерекше жаңалықпен бөлісті. Наньян университетінің MDI зертханасының биологтары бұл зерттеу үшін нематод құртын пайдаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ tjournal.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Олардың айтуынша көп жағдайда аталған құрттарды тірлішік иелерінің жасын ұзарту үшін пайдаланады екен.

Мамандар құрттардың мұндай түрлерінің ағзасынан табылған арнайы жасушалық құрылым көптеген тіршілік иелерінің өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етеді дейді.

Ғалымдардың сөзінше егер аталған тетікті адамдарға пайдалануға болса, онда олардың жасын кем дегенде 500 жылға ұзартуға болады дейді. Десе де бұл үшін ғалымдар әлі де болса арнайы зерттеулер қажет дейді. Егер бұл зерттеулер қолға алынса, адамзат тарихында алғаш рет "жасарудың" дәрісі ойлап шығарылады екен.

Айта кетейік, бұған дейін ағзадағы тұмау вирусын бірден қалай анықтауға болатыны жайлы хабарлаған едік. Ресейлік ғалымдар ерекше зерттеу жасап, осы тың әдіс арқылы адам ағзасындағы тұмауды бірден анықтауға болады деп сендірген еді.

Сол сияқты ресейлік мамандар жасанды жылқы етін шығаруды да қолға алмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Адам өмірін 500 жылға ұзартуға болатыны рас па