RU
Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті

Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Фото: адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаттары сот шешіміне аппеляция беру мәселесін қарастыруда.

"Өздеріңіз де білетіндей, таяуда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта оның адвокаттары "соттың бұл шешіміне қайтадан апелляция беру керек пе" деген мәселені қарастырып жатыр", - деп ол журналистердің сауалына жауап қайырды.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

Өткен жылы 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды.

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазған еді.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

Өткен жылдың 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
13
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel