RU
Қытайда жаңа вирус: Қазақстанда темір жол және әуе хабарламалары бақылауға алынады

Қытайда жаңа вирус: Қазақстанда темір жол және әуе хабарламалары бақылауға алынады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда пайда болған жаңа коронавирусқа қарсы қандай сақтық шаралары қолданатынын айтты. Елімізде вирусты пневмонияның туындауына байланысты Қытаймен темір жол және әуе хабарламасы бақылауға алына бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay. com

Көрнекі фото: pixabay. com

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова хабарлағандай, қытайлық Уханьда жаңа коронавируспен ауыратын 41 адам тіркелген. Бүгінге дейін ауыр жағдайда бір адам көз жұмды.

"Бүгінге аурудың жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Адамнан адамға жұғатын жолы анықталған жоқ. Ауруды Ухань қаласындағы теңіз өнімдерінің базарында жұмыс істейтін адамдармен немесе базарға келушілермен байланыстыруда", -деді ол.

Қазақстан өз кезегінде қытайлық жаңа вирустың туындауына байланысты бірнеше шара қолданды.

Еліміздегі бас санитарлы дәрігер қолдануға тиіс шараларды атап өтсе, көліктегі департамент Қытаймен темір жол және әуе хабарламаларын бақылауды қолға алған. Ұшқыштар мен бортқызметкерлер оқып жатса, шекарадан шығып немесе кіріп жатқандарға нұсқаулық берілуде.

Елдің Сыртқы істер министрлігі шекара асатын қазақстандықтарды хабардар етуді сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда белгісіз вирус тарағаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
8
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel