RU

Алматыдағы ұшақ апаты: Лайнердің "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

Мемлекетаралық авиациялық комитет өткен жылдың соңында Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC
"Комитеттің ғылыми-техникалық орталығында ұшақтың өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Ақпараттың алдын ала сараптамасы оқиғаның хронологиясы мен апаттың негізгі нұсқасын анықтауға жағдай жасады", - деп жазылған хабарламада.

Тергеуге әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысуда.

"Комиссия шешіміне сәйкес, ұшуды математикалық модельдеу жұмысы басталды. Ол әуе кемесінің апаттық ұшу кезіндегі аэродинамикалық сипаттамасын анықтауға жағдай жасайды. Экипаж әрекеті мен ұшақтың қозғалыс параметрлері зерттеледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алкомпаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжамды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

10 қаңтар күні елордада қайғылы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Кездесу барысында әуе апатына не себеп болғаны жайлы алдын ала болжамдар айтылды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1835924-almatydagy-sak-apaty-lajnerdi-kara-zsigindegi-zazbalar-okyldy.html