Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында жаңа жылда алғаш рет қар жауды (фото, видео)

Опубликовано:

Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы таулы аймағында жаңа жылда алғаш рет қар жауды. Жергілікті және шетелдік туристер қар ерімей тұрғанда, шанамен сырғанап, демалу үшін теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан дәл осы Джабаль-эль-Лауз баурайына барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Asharq AL-Awsat
Фото: Asharq AL-Awsat: UGC

Табук провинциясында қар жаууы – жылына бір рет болатын үлкен оқиға. Бұл кезде қысқы демалыстарын өткізу үшін елдің барлық өңірінен туристер осында ағылады.

Биылғы жаңа жылда таулы аймақты қалың қар басты. Бұл жолғы қардың мөлшері елдің климаттық жағдайы үшін өте көп.

Адамдар палаткалар тігіп, шанамен сырғанап, қыстың қызығына батуда.

Фото: Asharq AL-Awsat
Фото: Asharq AL-Awsat: UGC

Аймақты қар басуы қысқы демалысқа дәл келуі мектеп оқушылары үшін ерекше сыйлық болып отыр.

Фото: Asharq AL-Awsat
Фото: Asharq AL-Awsat: UGC

Алайда, жергілікті метеоролог Халед аль-Закка демалушыларға алдағы уақытта күн жылып, қар еритінін ескертті. Оның болжамынша, қар келесі аптадан бастап ериді. Ауа температурасының көтерілуімен қатар, аймақта жаңбыр, тіпті, бұршақ жаууы күтіледі.

Айта кетейік, 2019 жылғы тамыз айында Австралияның оңтүстік-шығысына 35 жылдан бері алғаш рет қар жауғанын жазған едік.

The Guardian басылымының мәліметінше, қар демалыс күндері, 10-11 тамызда Виктория штаты мен Жаңа Оңтүстік Уэльске жауған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835955-saud-arabiasynda-kar-zaudy-foto-video/

pixel