RU
Алматыда бір топ адамды көлікпен қағу ісіне қатысты тың деректер пайда болды

Алматыда бір топ адамды көлікпен қағу ісіне қатысты тың деректер пайда болды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада шулы іске қатысты сот процесі басталды: былтырғы жаздың аяғында бір топ адамды қағып кеткен ағайындылардың ісі қаралуда. Сот куәгерлердің жауабын тыңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кадрлар КТК арнасының сюжетінен

Кадрлар КТК арнасының сюжетінен

Телеарнаның мәліметі бойынша, 20 және 24 жастағы екі ағайынды бұзақылық және кісі өлтіруге әрекеттену бойынша айыпталуда.

Сот процесі кезінде, жанжалға қыздың себепкер болғаны анықталды.

Куәгерлердің бірі қыздың үйсіз адамға тамақ алып бергенін жеткізді. Сол маңда түрған ер адамдар оның әрекетін мазақ ретінде бағалап, екі топ сөзге келіп қалған. Ақыры, даудың соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Телеарна тілшісі куәгердің жауап беру кезінде жаңылысқанын атап өтті. Алайда, ол айыпталушылардың бірінің екінші тараптың өкілдерін тынышталдыруға, жанжалды басуға тырысқанын жеткізген.

Ал оқиғаның соңы неліктен адам қағумен аяқталғанын куәгер сол күйі түсіндіріп бере алмады.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды көлікпен әдейі қаққан көліктің видеосы тараған болатын.

Кейіннен адамдарды аяусыз соққан көліктерді туған ағайындылар жүргізгені анықталды.

Күдіктілердің анасы балаларын ақтап, халыққа үндеу жасады.

Дереккөз: КТК

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel