RU

"Шашы ағарған": Түркіменстанда жаппай президент суретін ауыстыруда

Рассказать Вконтакте

Түркіменстандағы Мары уәлаятында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары президент суретін жаппай ауыстырып жатыр. Осындай бұрық берген аймақ билігі мұны мемлекет басшысының шашының түсі өзгергенімен түсіндірген деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

"Шашы ағарған": Түркіменстанда жаппай президент суретін ауыстыруда

Фото: ok.ru

Гурбангулы Бердімұхамедов 2018 жылдың жазында имиджін өзгерткен соң оның самайын бірден ақ шала бастаған.

"Президент суреттерін ауыстырмағандарға айыппұл салынатыны айтылған", - деп мәлімдеді жергілікті тілші.

"Президент ай сайын шашының түсін өзгертеді, билік бізден оның суретін алмастыруды әрдайым талап етеді" деп шағымданған мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бірі.

Журналистер жергілікті дүкендерден президент суретінің бағасын анықтап білді.

  • Сурет 10-нан 100 манатқа дейін сатылады екен. Президент суретінің ең қымбаты 300 манатқа дейін барады.

Бұған қоса жергілікті билік мемлекеттік мекеме басшыларынан 2020 жылдың басты ұраны - "Түркіменстан - нейтралитет Отаны" деп жазылған плакаттарды ілуді талап етіпті. Мұндай плакаттардың бағасы да 100 манатқа дейін барады.

Еске сала кетсек, бұған дейін сегіз қырлы, бір сырлы Түркіменстан президентінің циркте өнер көрсеткені хабарланды.

Жергілікті Altyn Asyr телеарнасы жаңалықтарының алғашқы 15 минуты циркке барған Түркіменстан президентіне арналды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шашы ағарған": Түркіменстанда жаппай президент суретін ауыстыруда
Mailfire view pixel