Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңгесі жезөкше болуға мәжбүрлеген ару секс-құлдыққа қалай түскенін баяндады

Опубликовано:

Алматыда 25 жастағы ару өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға салмақ болғанын айтып шағымданды. Қаскөйлерден таяқ жеген жәбірленушінің сөзінше, оны о баста бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. Белгілі болғандай, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

жаңадастар
Фото: Видеодан кадр: UGC

Алған жарақаттарынан тілге әрең келген жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетті.

"Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым" деген 25 жастағы арудың басы жарылып, денесі қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Ол сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алды.

"Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан яқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды. Камила мен Аида ұрды", - деді ол.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен.

"Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әке-шешеңе көрсетемін деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекен-жайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды", - дейді бойжеткен.

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті.

Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

"Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, "әпше, маған көмектесші, алып қашшы" деп жылады" - деді әпкесі.

Алайда үйге жеткенше, артынан белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі "сыртқа шығуға қорқамыз" дейді.

"Екі жігіт торуылдап жүр" деген олар тек телеарна тілшісінің көз алдында полиция шақырды. Тәртіп сақшыларына бар жайтты түсіндірген бойжеткен өзін қай жерде құлдықта ұстағанын көрсетті.

Жәбірленуші көрсеткен мекенжайда сақшылардың қарасы көбейіп, тіпті, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады.

Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі, артынша полицейлерге тап берді. Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда жоғалып кеткен екі баланың мәйітінің өзеннен табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835968-zegesi-zezkse-boluga-mzbrlegen-aru-seks-kldykka-kalaj-tskenin-baandady/

pixel