Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім ғашығымен заңды түрде некесін қидырды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім мен оның қалыңдығы Махаббат Түктібаева заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Қос ғашық күні кеше некесін қидырған. Оған әлеуметтік желіде жарияланған суреттер мен жазбалар дәлел болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жақында ғана Мүсілім әулетіне келін болып түсіп, беташары жасалған ару ресми түрде талай қыздың арманы болған актердің әйелі атанды.

Бұған дейін мұсылманша мешітте некесін тіркеген Тәуекел мен Махаббат бұл жолы заң жүзінде АХАЖ бөлімінде ерлі-зайыпты болды. Бұл туралы олар Instagram желісінде хабарлаған.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы асқан қызығушылық танытып жатқан көпшілікке үйлену той жаз уақытысында болатынын мәлімдеді.

"Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. АльхамдулиЛлах! Уаймдамаңыздар, үлкен той жазда болады" , - деп жазды күйеужігіт.

Айта кетерлігі, қостанайлық ару жолдасының тегін алып, енді Махаббат Мүсілім болды.

"13.01.2020 Иә, дәл бүгін біз ресми түрде некемізді тіркедік. Біз енді ерлі-зайыптымыз. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз. Көпшілік менен "қандай сезімдесің?" деп сұрауда. Шын мәнісінде жолдасың бар екенін сезіну әлі де қызық. Үш ай өтіп кетті ғой. Сол себепті бүгінгі күн менің өмірімде айтарлықтай ештене өзгерткен жоқ. Бар болғаны қуаныштың тағы бір себебі.
Біріншіден, сені кезіктіргеніме Алла Тағалаға алғысым шексіз. Сол кездесудің арқасында екеуміз бүгін ерлі-зайыпты болып оытрмыз. Екіншіден, дәл қазіргідей адам болғаның үшін рахмет. Ең жақын адамым, сүйіктім. Бастысы, денің сау болсын. Қалғаны маңызды емес. Әлі алдыда талай қызықтар күтіп тұр. Сенімен бірге болғаныма қатты қуаныштымын. Енді мен Махаббат Мүсіліммін" , - деп жазды Тәуекелдің жары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Сері жігіт ақыр-соңы ұзақ уақыт бойы іздеген жанын кезіктіргенін жеткізді.

Сонымен қатар, актер үйлену тойды 2020 жылға қалдырғанын жеткізген болатын. Жас жұбайлар жаңа жыл қарсаңында Махаббат туып өскен Қостанай мекеніне барып, оның туыстарымен демалып қайтқан.

Жас жұбайлар әлеуметті желіде белсенділік танытып, өз жанкүйерлерін жаңа суреттермен қуантуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835973-tuekel-msilim-gasygymen-zady-trde-nekesin-kidyrdy-foto/

pixel