RU

Әуежайда экипаж мүшесі ұшақтан құлап түсті

Рассказать Вконтакте

Финляндиядағы Хельсинки-Вантаа әуежайында экипаж мүшелерінің бірі Airbus A320 ұшағынан құлап түсті. Белгілі болғандай, лайнер бұл сәтте ұшу-қону жолағында тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Корреспондент басылымына сілтеме жасап.

Әуежайда экипаж мүшесі ұшақтан құлады

Көрнекі фото: pixabay.com

"OTKES 13 қаңтар күні Хельсинки-Вантаа әуежайында орын алған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізуді бастады. Airbus A320 экипаж мүшесі ұшақтан құлап, түрлі жарақаттар алды. Ұшақ бұл сәтте әуежайдағы тұрақта тұрған еді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жолаушылар ұшақтан түсіп, терминалға баратын қоғамдық көлікке отырған кезде болды. Экипаж мүшесі жолаушылар шыққан есіктен шығып, ұшақтап құлады. Ол ұшу-қону жолағына бірақ түсті. Төтенше жағдайдың салдары анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Сондай-ақ, бортсерік ұшақтың апатты жағдайға түскенін қалай аңғаруға болатынын айтып, кеңес берген еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әуежайда экипаж мүшесі ұшақтан құлап түсті
Mailfire view pixel