Выйти
RU

Өмірқұл Айниязов 200 мың АҚШ долларына салған зәулім үйін көрсетті (фото,видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жарық жұлдыздарының бірі, ел арасында танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов көпшілікке зәулім үйін көрсетті. Өнер иесі үш қабатты баспанасын 200 мың АҚШ доллардан астам қаржыға тұрғызған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Жұлдызды weekend" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер жұлдызы зәулім үйіне жаңадан көшіп келген. Сол себепті, аталмыш бағдарлама ұжымы Айниязовтар әулетінің шаңырағын алғашқылардың бірі болып көріп қайтқан.

Эстрада өкілінің үйі үш қабаттан, он бөлмеден тұрады. Бөлмелері кең әрі барлығы дерлік ақшыл түстес реңде жасалған. Олардың әрқайсысының дизайны мен стилін Өмірқұл Айниязов тек арнайы мамандарға сеніп тапсырған.

Үйдің бірінші қабаты толығымен қонақтарға арналған. Онда қонақ күтетін үлкен бөлме, демалуға немесе намаз оқуға арналған бөлме және ас үй бар. Әншінің сөзінше, екінші қабатта кілең жатын бөлмелер.

Айта кетерлігі, өнер иесі осы үйін саларда бұрыннан бері келе жатқан арманын орындаған.

Ол бір бөлмені арнайы қазақы нақышта безендіріп жасатқан. Ол жерде үлкен кісілер аяқ жазып демалып, намаз оқиды екен.

Оған қоса, Айниязов өзінің жатын бөлмесі мен киім-кешектеріне арналған бұрышын көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өмірқұл Айниязов темір тұлпарын сатпақшы екенін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өмірқұл Айниязов 200 мың АҚШ долларына салған зәулім үйін көрсетті (фото,видео)