Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шетел жұмысшыларынан бас тартты

Опубликовано:

Өткен жылы қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақыларындағы айырмашылықтар туралы пікірталастар көп болғаны рас. Бұл мәселе министрлікті де алаңдатты. Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кәсіпорын басшыларының айырмашылықты азайту үшін не істеп жатқандығын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство басшысының айтуынша, жалақы мөлшері біршама сәйкес келмеген жағдайда, мәселені шешуге мемлекеттік органдар - инспекция және прокуратура кіріседі.

Олар жұмыс берушілерге қызметкерлерге бірдей жағдай жасауды міндеттейтін талаптар қояды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан кен орындарында шетел азаматтарының еңбегін пайдаланбау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Тиісті қорытынды облыстық атқарушы билікте қол жеткізілді.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл шешім жұмысқа орналасатын жергілікті тұрғындардың санын ұлғайтады, бірақ оларға әлі де үйрену керек. Қызметінен босатылған шетелдіктердің қайда баратындығы әлі белгісіз.

Одан бөлек, Қарашығанақтағы кәсіпорындар да осындай жұмыс күшінен бас тартуға мүдделі.

Мұнай және газ кен орындарындағы шетелдік монтажшылар мен электрмен дәнекерлеушілерді қазақстандық жұмысшылармен ауыстырады.

Шенеуніктер 50 жұмыс орны туралы айтып отырғанын растады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев Қарашығанақтың одан әрі дамуы алдағы үш жылдың ішінде күтіліп отырғанын жеткізді. Бұл уақыт кадр дайындауға арналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836004-batys-kazakstan-oblysyndagy-ksiporyndar-setel-zmyssylarynan-bas-tartty/

pixel