Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулық байқауына қатысқан ару сахнада құлап, іш киімсіз қалды

Опубликовано:

Сұлулық байқауына қатысқан 23 жастағы Селин Ван Оутсель сахнада құлап, ыңғайсыз жағдаға түсті. Алайда еш саспастан орнынан тұрып, басын тік ұстаған бойжеткен бауқауда бірінші орын алып, "Бельгия аруы - 2020" титулына ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Бойжеткен сұлулық байқауы кезінде сахнада құлап, іш киімсіз қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Сұлулық байқауы тікелей эфирде өтіп жатты. Сахнаға шыққан 23 жастағы ару сахнадағы баспалдақтан түсіп келе жатқан кезде тепе-теңдікті жоғалтып, тізесімен жерге құлады. Ал бойжеткен орнынан тұрып бара жатқан кезде дәл сахнаның үстіне оның іш киімі түсіп кетті.

Десе де Селин саспай, орнынан тұрпы, жымиды деп хабарлайды Mirror. Ал оның іш киімі сол күйі сахнаның үстінде, келесі модель шыққанша жатты.

Ролик әп-сәтте желіге тарады. Селин дегеніне жетіп, "Бельгия аруы - 2020" титулына ие болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін қолдаған барша жандарға алғыс білдіріп, өмірде күтпеген жағдайлардың орын алатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматылық ару Лос-Анджелестегі сұлулық байқауында жеңіп шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836010-slulyk-bajkauyna-katyskan-aru-sahnada-klap-is-kiimsiz-kaldy/

pixel