RU

"Алматыметроқұрылыс" дауы: Реимовтің адвокаты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қайрат Реимовке қарсы іс: Оңтүстік астанада адвокаттың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бүгінгі жиында "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесі төрағасының адвокаты Сәлімжан Мусин сөз сөйледі. Ол аталған іс азаматтық-құқықтық сипатқа ие болғандықтан, құқықтық тәртіпте қаралмауы тиіс екенін айтты.

"Аталған құқықтық іс- Раимов пен Ыдырысов тарапы арасындағы дау. Бұл басынан бастап құқықтық тәртіпте қаралмауы тиіс еді. Себебі, ол мүлдем жалған және азаматтық-құқықтық сипатқа ие. Дау болды, аяқталды. Міндеттемелер болды, орындалды.
Барлық фактіге қарамастан, прокуратура қадағалауындағы Алматы Полиция департаменті ешбір дәлелсіз және тек Дінмұхаммед Ыдырысовтан алынған бір жауапқа негіздей отырып, қылмыстық іс тергеп жатыр. Қайрат Реимовпен қамауда отырған бір жарым ай ішінде бірде-бір тергеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Реимовтің кінәсіз екенін дәлелдейтін айқын фактілерге қарамастан, полицейлер бұлтартпау шараларын өзгертпей, керісінше, оны үш ай бойы қамауда күзетпен ұстау туралы қаулы шығарды.
Осылайша, Алматы Полиция департаменті тоғыз ай бойы азаматтық-құқықтық қатынастарға және коммерциялық дауға ие фактілер бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатар емес", - деді Мусин.

Сондай-ақ, ол ертең Реимов адвокаттарының командасы Ішкі істер министрімен видеобайланысқа шығатынын мәлімдеді.

Адвокат "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесі төрағасының қазіргі жағдайын да баяндай кетті.

"Оның денсаулығында кінәрат болғандықтан, әзірге жақсы деп айтуға келмейді. Сондықтан, изолятор жағдайы сәйкес емес. Біздің жайтта үй қамақ бұлтартпау шарасының дұрыс нұсқасы болар еді", -деді ол.

Еске сала кетейік, қараша айының соңында "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов ұсталды.

1 желтоқсанда күдіктінің қорғаушылары кепілдік беріп, оны қамаудан босатып алды.

Ал 4 желтоқсан күні апелляциялық сот отырысы өтіп, Реимов қайтадан қамауға алынды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алматыметроқұрылыс" дауы: Реимовтің адвокаты мәлімдеме жасады
Mailfire view pixel