RU
Жомарт Ертаевтың соты: Марат Рыспековтен жауап алынды

Жомарт Ертаевтың соты: Марат Рыспековтен жауап алынды

Рассказать Вконтакте

РБК банкінің қаражатын жымқыру ісі бойынша куәгер Марат Рыспековтен жауап алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz

Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz

Жауап видеобайланыс арқылы алынды. Рыспеков РБК-да 2011 жылы жұмыс істей бастаған. Ол Едігеновке берілген екінші қарызға қарсы дауыс бергенін жеткізді. Ешкімнің өзінің шешіміне ықпал етуге, өзгертуге тырыспағанын атап өтті.

Сондай-ақ сотталушы Абылқасым Мамырбековтен де жауап алынды. Ол 2012-2017 жылдар аралығында басқарма аппаратының атқарушы директоры қызметін атқарған. Мамырбеков дауыс беру мүшесінің бірін – Агаповты несиенің берілуін қолдап дауыс беруге көндіргенін мәлімдеді.

"Агапов қарыздың берілуіне қарсы болған, себебі, бірінші қарыз өтелмеген еді. Бірақ мен оны көндірген соң, қолдап дауыс берді. Мен де қолдап дауыс бердім, өйткені маған өтініш жасаған. Қарыздың қандай мақсатта алынғанын білмедім", – деді Мамырбеков.

Қорғаушылардың сұрақтарына жауап берген Туғанбайдың айтуынша, оны Едігеновке берілген екі қарыздың да қажет болған жағдайда жеке қаражат есебінен өтелетініне сендірген.

"Толықтыра кетейін деп едім, мен ол ақшаны алмадым. Басшылық сұраған соң қол қойдым", – деді Мамырбеков.

Бұдан кейін судья Туғанбаевтан ақшаны кім алғанын сұрады. Өз кезегінде, ол ақшаның Ертаевқа берілгенін мәлімдеді.

Ертаевтың өзі бұл жайтты мойындап отыр.

"Ол (Едігенов – ред.) қарыздарды төлеп тұрды, ипотека бойынша да төлемдер жасады. Сондай-ақ ол банкте де жұмыс жасады. Ең басты фактор – Мамырбеков менің күмәнданғанымды көре тұрып, бұл біздің әріптесіміз, оны қолдап, қарыздың берілуіне дауыс беру керекпіз деп айтты. Бұл несие комитетінің лимиті емес, басқарманың лимиті. Және қорытынды шешімді банктің басқармасы қабылдайды. Өтінішті орындамаған жағдайда, жұмыстан шығарылуым мүмкін еді. Ертаевпен де, Мажиновпен де алдын ала сөз байласқан жоқпын.
"Мен қосымша кірістерге сүйендім, олардың көлемі маған белгісіз болды. Бұл қарыздың берілетініне күмәндандым, өйткені, алдыңғы қарыз өтелмеген еді", – деді Агапов.

Судьяның "заңсыз бұйрықтарды орындауға тиіссіз бе?" деген сұрағына ол "олар заңсыз болды ма?" деп қарама-қарсы сұрақ қойды.

"Заңнамаға сәйкес, берілетін қарыз банктің жалпы капиталының 10%-нан аспауы тиіс. Ол тұтынушылық мақсатта берілген", – деп толықтырды Агапов.

Ал Едігеновтің табысы жайлы сауалға жауап бере отырып, ол оның банктегі жалақысы несиені жабуға жетпейтінін атап өтті.

"189 бап бойынша өз кінәмді мойындамаймын. Бәлкім, 243 бап көбірек келетін сияқты", – деп мәлімдеді Агапов.

Айтуынша, ол қарыздың берілуіне қарсы дауыс берген жағдайда да, басқарма оны мақұлдайтын еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың ірі көлемде ақша жымқыру және оларды заңдастыру бойынша өзіне тағылған кінәні толық мойындағанын хабарлаған едік.

Жомарт Ертаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 12 желтоқсанда басталды. Жалпы, аталған іс бойынша 39 күдікті сотқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel