Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әпкесі мен інісі іс-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында 13 жастағы ұл бала мен 15 жастағы қыз балаға іздеу салынды. Тәртіп сақшылары мен еріктілер жасөспірімдерді екінші күн іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Әпкелі-інілі жасөспірімдердің жоғалғаны туралы олардың анасы 13 қаңтар күні құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Балалар үйден 12 қаңтар күні аналарына алаңдамауды өтінген жазба қалдырып, шығып кетіпті.

Жоғалған жасөспірімдердің есімдері Лиза мен Виталий екендігі айтылды. Олар Қаратал ауданының Ортатөбе ауылында тұрады.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары, еріктілер, жергілікті мектептің мұғалімдері балаларды іздестіруде.

Олар көрші ауылдарды, қараусыз қалған ғимараттарды, бос жер учаскелерін және тағы басқа жерлерді тексеріп жатыр.

Айта кетейік, 15 жастағы Лиза қара түсті пальто, шалбар және етік, 13 жастағы Виталий - күрте мен қара түсті кроссовка мен жасыл шляпа киген.

Егер балаларды көрген-білгендер болса кез келген полиция бөлімшесіне, сондай-ақ, 8 (72834) 2-10-02, 8 (705)195-87-97 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, Атырауда жоғалып кеткен екі баланың мәйіті өзеннен табылғанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға жайлы облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836039-almaty-oblysynda-eki-zasspirim-is-tzsiz-zogalyp-ketti/

pixel