Выйти
RU

Жәния Джуринская мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская өз жанкүйерлерін Мальдив аралдарындағы ашық суреттерімен қуантуда. Жақын құрбыларымен ыстық жаққа демалуға кеткен өнер иесі купальникпен түскен фотоларын жариялап, ер азаматтарды еліктірді. Олар бар мінсіз мүсінін паш еткен шоу-бизнес сылқымына пікірлерді қарша жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/djurinskaya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Джуринская суға түсуге арналған киімдегі суреттерімен Instagram парақшасында бөліскен. Аталмыш фотоға қарап, белгілі актрисаның мінсіз мүсініне тәнті болмау мүмкін емес.

Өнер иесі әрдайым жаттығу жасап, дене сымбатын жіті бақылауда ұстайтыны анық.

Жәнияның купальникпен түскен суреттері желіде аса қызу талқы тудырды. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі - ер азаматтар. Олар актрисаның дене пішініне қатысты ойларын ортаға еш қысылмай білдірген.

"Недеген сурет, недеген мүсін" , "Қандай әдемілік десеңізші" , "Тамаша, денеңіз өте сымбатты" , "Мінсіз мүсінді ару екенсіз" , "Тез арада өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді шақырту керек" , "Мына фотолар өте өте ыстық" , "Керемет табиғат пен сұлу ару" , "Өте тартымды әрі еліктіргіш фотлар" , "Маған тұрмысқа шығасың ба?" , "ФИгураңыз от екен, бірден ғашық болдым" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Джуринская 29 жасын ерекше стильде атап өткен болатын. Оның туған күніне шақыртылған қонақтар 80 жылдардағы образда келуге міндеттелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жәния Джуринская мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)