RU
Қарағандының 10 көшесіне жаңа атау берілетін болды

Қарағандының 10 көшесіне жаңа атау берілетін болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы Достық үйінде өткен қоғамдық тыңдау барысында қаладағы бірқатар көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Шараға мыңнан астам адам қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды. Фото: bnews.kz

Қарағанды. Фото: bnews.kz

Атап айтқанда, қаладағы Волочаевская, Защитная, Зональная, Кривогуза, Кувская, Ленина, Олимпийская және Приканальная көшелерінің атауы өзгертілмек.

Осылайша, Волочаевская көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Қамали Дүйсембековтың, Защитная көшесіне қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршы Григорий Потаниннің, Зональная көшесіне қазақ ұлттық музыкасын зерттеуші, ҚазССР халық әртісі Александр Затаевичтің, Кривогуз көшесіне қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Қасым Аманжоловтың есімі беріліп, ал қазіргі Аманжолов көшесі "Балқантау" атауына өзгертіледі.

Сонымен қатар, Кувская көшесіне ҰОС ардагері Қазыбек Нұржановтың есімі беріліп, қазіргі Нұржанов көшесі "Мерей" деген атауға өзгертілмек.

Ал Ленин көшесі енді Абай Құнанбаевтың есімімен аталмақ. Сондай-ақ Олимпийская көшесіне еңбек ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Нарманбет Төлеповтың есімі беріледі. Ал Приканальная көшісінің атауы енді "Сарыарқа" болып өзгертіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін семейлік ақсақал елордадағы көшелерге алаш қайраткерлерінің атын беру керек деген ұсыныс жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel