RU

Алматыда көлік тізгінінде өзін жайсыз сезінген ер адам жаяу жүргіншіні қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда көлік жүргізушісі қаладағы ықшамаудандардың біріндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, денсаулығына байланысты көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, жүрек талмасынан көз жұмды

Фото: Sputnik/ Стрингер

Апат бүгін, таңғы 11 шамасында Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында болды.

Куәгерлердің сөзінше, Volkswagen көлігінің 1959 жылғы жүргізушісінің ауладан шығып бара жатқан кезде жүрегі ұстап қалған. Салдарынан ер адам темір тұлпарды тізгіндей алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соңынан көлік ұшып барып, ағашқа соғылды.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметі түрлі жарақат алған жәбірленушіні ауруханаға алып кеткен. Ал көлік жүргізушісіне көмектесу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

"Оқиға фактісі тіркелді. Апаттың салдарын анықтайтын бірнеше сараптама тағайындалды. Көлікті тізгендеу кезінде жүргізушінің денсаулығы нашарлады деген нұсқа да тексеріледі", - деп хабарлады Алматы ПД-нің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Еске сала кетейік, күні кеше желіде алматылық алты жасар баланың элиталық жол талғамайтын көлікті басқарып отырған видеосы тараған болатын.

Белгшілі болғандай кішкентай баланы көлік рөліне әкесінің отырғызған болып шықты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда көлік тізгінінде өзін жайсыз сезінген ер адам жаяу жүргіншіні қағып кетті
Mailfire view pixel