Выйти
RU

Иранда украиналық ұшақ апатына байланысты бірнеше адам тұтқындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты бірнеше адам қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Isna photo

Фото: Isna photo

Бұл туралы Иран сот билігінің ресми өкілі Голямхосейн Эсмаили хабарлаған. Әзірге толығырақ ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Сонымен қатар Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани украиналық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен. Хасан Рухани Иран әскери күштерінің украиналық лайнерді атып түсіргені үшін барша Украина халқынан және осы қайғылы жағдайдан қаза болған жандардың туыстарынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ ол ұшақ апатына кінәлі адамдар жазаланатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранда украиналық ұшақ апатына байланысты бірнеше адам тұтқындалды