RU
Желіде Путин мен Джордж Буштың билеп жүрген видеосы пайда болды

Желіде Путин мен Джордж Буштың билеп жүрген видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Ресей президенті Владимир Путин мен Америка Құрама Штатының бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың билеп жүрген видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Іnosmi.ru

Фото: Іnosmi.ru

Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл видео 2008 жылдың сәуір айында екі ел басшыларының кездесуі кезінде түсірілген.

Кадрдан Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың бұрынғы басшысы Джордж Буштың "Сударыня-барыня" әніне билеп жүргенін байқауға болады.

Сондай-ақ, видео Ресей президентінің сахна үстінде ұлттық киімдегі бір топ бишілермен "өнер көрсетіп" жүргені, ал АҚШ президентінің жұптасып билегені көрінеді.

Қос басшы осыдан кейін, Буштың жұбайыЛаура отырған дастархан басына жайғасқан.

Кремль видео Путиннің Ресей президенті және премьер-министрі қызметіндегі 20 жылдығына арналған жоба аясында жарияланғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, ғаламтор бетінде Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин және Дмитрий Медведев бейнеленген картина сатылымға шықты.

Картинада әлем тарихындағы ең үлкен төрт оқиға, 1851, 1908, 2008 және 2019 жылдардағы оқиғалар көрсетілген.

Туынды иесі, идея авторы қазақстандық дизайнер Әрсен Сексенбаев екені анықталды. туынды 1 миллион теңгеге бағаланған.

Сіздің реакцияңыз
13
0
4
0
4
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel