Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Опубликовано:

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы тұрғындарға үндеу жолдап, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: atyraunews.kz
Фото: atyraunews.kz: Depositphotos

Бұл туралы шенеунік өзінің Facebook парақшасында жазған.

"Құрметті атыраулықтар!
Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын.
Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын.
Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық.
Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын!
Барлығы үшін рахмет!", - деп жазды Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Айта кетейік, Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы Атырау қаласының әкімі болып, 2018 жылы 28 маусымда тағайындалған болатын.

Оған дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы президент жарлығымен Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Ал оның орнына өңір басшысы болып, Махамбет Досмұхамбетов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836063-atyrau-kimi-z-erkimen-kyzymetinen-ketti/

pixel