Выйти
RU

Тоқаевтың кеңесшісі: Адамдардың жағдайы жақсы екенін дәлелдегіміз келеді, бірақ олай емес

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Олжас Құдайберген Қазақстанда тұрғын үй тапшы екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: inbusiness.kz

Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы сарапшы Хабар24 арнасындағы "Круглый стол" бағдарламасында айтты.

"Экономикадағы жалақы қоры 20 трлн теңгені құрауы керек. Алайда БЖЗҚ небәрі 8 триллионды тіркеді. Яғни, 12 триллион көлеңкеде бұл 60%-ы деген сөз. Адамдар бұл зейнетақы жүйесіне сенбейді. Бұл жерде мәселе зейнетақы жүйесінде. Ол дұрыс жасалмаған", - деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының кеңесшісі баспана алу үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану туралы шешімімен неліктен келіспейтінін атап өтті.

"Тұрғын үйді алатындар санына тоқталатын болса, оларды кім алады? Мәселен, 120 мың адам делік, 120 мың адамның қаншасының жеке баспанасы бар? 90%-ның баспанасы бар. Тек 10%-ы ғана ипотека арқылы рәсімдеуі мүмкін. Негізінде осы 10%-ға ғана мұның бір пайдасы болады. Мәселені шешу үшін бірінші қадам ретініде 300-400 мың адам жинау керек. Екінші қадам ретінде кез келген адам осындай мүмкіндікке ие бола алатындай модель жариялануы тиіс", - деді сарапшы.

Маманның сөзінше, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өзі Қазақстанда баспаналарды көптеп салып жатқан жоқ.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өзіндік механизмі бар. Алты мемлекеттік құрылым, оның ішінде ТҚЖБ, бізде 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуда. Олар бұдан да көп үй салу керек. 2 миллион шаршы метр дегеніміз өте аз", - дейді сарапшы.

Президенттің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі елімізде тұрғын үй мен жұмыс мәселесінің белең алып тұрғанын алға тартты.

"Біз адамдардың жағдайы жақсы екенін дәлелдегіміз келеді. Шын мәнінде зейнетақы жүйесі де сәтсіз жасалған. Тұрғын үй жүйесі 2 миллион шаршы метрдің құрылысын ғана қамтамасыз етеді. Бізде тұрғын үймен қамтамасыз ету тек 20 шаршы метрді ғана құрайды.
Егер ауылдарда қалған ескірген және апаттық үйлерді алып тастасақ, онда біздің тұрғын үймен қамтуымыз шамамен 16 шаршы метрге дейін түседі. Егер ауылдың бір бөлігі қалаға көшкенін ескеретін болсақ, қалаларда тұрғын үй тапшылығы сезіледі. Наразылықтардың болуы осыдан хабар береді. Адамдар баспана және жұмыс мәселелерін көтереді. Баспана расымен де тапшы", - деді Олжас Құдайбергенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Құдайбергенов Президент әкімшілігінде зейнетақы жинағын баспана алуға беруі мүмкіндігін талқыланғанын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың кеңесшісі: Адамдардың жағдайы жақсы екенін дәлелдегіміз келеді, бірақ олай емес