Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Прическа от": Абай Бегейдің жас кезі желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Әнші Абай Бегей жас кезінде қандай болғанын көрсетіп, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Өнер иесі танымал болмай тұрып, тойларда өнер көрсеткен шағынан видео жариялаған. Әсіресе, әртістің сол кездегі шаш үлгісі қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/abai_begei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/abai_begei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мұрағаттағы бейнежазбамен шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында бөліскен. Абай Бегейдің жас кезіндегі келбетін көрген желідегілер оған қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

Олардың басым көпшілігі әншінің шаш үлгісіне қатысты болған.

"Прическаңыз от екен" , "Мына шаш үлгісі қателеспесем ассиметрия деп аталатын" , "Қайран жастық шақ" , "Ностальгия десеңші" , "Әбеке, жастық шақ деген керемет кез еді ғой" , "Түк өзгермегенсіз" , "Меніңше, өзгерген. Қазір жасарып кеткендей"
"Аспанға қараймын" хитының алдындағы кездер шамасы" , "Сері болып жүрген кезіңіз ба?" , "Жанды дауыста керемет" , "Прическа сол кездің хиті болған еді" , "Жас кезіңізде керісінше, кәрі болып көрініпсіз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің үлкен қызымен татуласқанын жазған болатынбыз. Қайта қауышқан әкесі мен қызы ел ықыласына бөленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836074-priceska-keremet-abaj-begejdi-zas-kezi-zelide-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel