Выйти
RU

Ресейлік футболшы Ельциннің немересіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей құрамасы мен мәскеулік "Локомотив" клубының шабуылшысы Федор Смолов елдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің 17 жастағы немересі Мария Юмашеваға үйлену туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/smolovfedor_10

Фото: Instagram/smolovfedor_10

7дней басылымының мәліметінше, қос ғашық келесі жылы Мария кәмелет жасына толған уақытта үйленбек. Олардың тойлары Кариб аралдарынды болады деп жоспарланған.

Марияның ата-анасы қызының 9 ақпан күні 30 жасқа толатын футболшымен араласуына қарсы еместігін білдіргені де белгілі болды.

Мария Юмашева болса, бұған байланысты пікір білдірмеді. Ресейдің тұңғыш президентінің немересі жеке өмірін құпияда ұстағысы келеді.

Смолов осыған дейін 2018 жылғы Әлем чемпионатының елшісі Виктория Лопыревамен кездескен болатын, олар 2015 жылы қарым-қатынастарын тоқтатты.

Еске сала кетсек, осыған дейін ресейлік рэп орындаушы Тиматидің сүйіктісі Анастасия Решетоваға Париж қаласында үйлену туралы ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Осыған ұқсас жағдай Нұр-Сұлтан қаласында да орын алған.

Мадияр атты романтик жігіт қаладағы автотұрақтың бірінде жүзге шақты көліктің көмегімен "Выхади за Маке" деген жазу шығарған.

Жазу аспанда квадрокоптер көмегімен видеоға түсіріліп, үйлену туралы ұсыныс монитордан көрсетілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік футболшы Ельциннің немересіне үйлену туралы ұсыныс жасады