RU
Алматы облысында жоғалып кеткен әпкесі мен інісі табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен әпкесі мен інісі табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен Елизавета мен Виталия Луниндер табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

12 қаңтардан бастап полиция, еріктілер, мектеп мұғалімдері және ауыл тұрғындары іздеген інісі мен әпкесі туған ауылы Ортатөбеден табылған.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жергілікті тұрғындар ауылдан екі жасөсіпірмді көргендерін айтқан. Қоңырау түскен жерге ювеналды полиция инспекторлары, еріктілер мен мұғалімдер тобы тез арада жеткен. Екі бала да дін аман, олар үйлеріне оралған.

Айта кетсек, Алматы облысында 15 жастағы қыз бала мен 13 жастағы ұл балаға іздеу салынған.

Әпкелі-інілі жасөспірімдердің жоғалғаны туралы олардың анасы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Балалар үйден 12 қаңтар күні аналарына алаңдамауды өтінген жазба қалдырып, шығып кетіпті.

Еске сала кетсек, Атырауда жоғалып кеткен екі баланың мәйіті өзеннен табылғанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға жайлы облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Сүңгуірлер екі баланың денесін Перетаска өзенінен тапқан. Көз жұмған ұлдардың жасы тоғызда. Екеуі де бір ауылда тұрған. Іздеу жұмыстары суда да, жазық далада да жүргізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel