RU
Ақтөбе облысына құлаған зымыран сынығына қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Ақтөбе облысына құлаған зымыран сынығына қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: Куәгерлерден

Фото: Куәгерлерден

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран екені анықталған.

"Құлаған жерде радиациялық фондық өлшеулер жүргізілді, топырақ үлгілері, қар түріндегі жауын-шашындар алынды. Сынықтар қоршаған ортаға немесе Ақтөбе облысының тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейді. Гамма-сәулеленудің дозасы ауданның табиғи радиациялық фонынан аспайды.
Сондай-ақ ресейлік БАҚ-та әлеуметтік желілерге сілтеме жасай отырып жарияланған, зымыран сынықтары "Искандер-М" зымыранына тиесілі екендігі туралы ақпарат расталмағанын хабарлаймыз.
ҚР аумағындағы полигондарды Ресей Федерациясы 1995 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық келісімге сәйкес жалға алғанын еске салғымыз келеді. Министрлік осы келісімге ең алдымен полигондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту туралы түзетулер енгізеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында аспаннан белгісіз металл бөлшектің құлағаны хабарланған. Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтайтынын мәлім еткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
3
3
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel