Выйти
RU

"Ақтөбе" футбол клубына жаңа бас бапкер келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік маман Владимир Маминов "Ақтөбе" клубының бас бапкері болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Владимир Маминов. Фото: fclm.ru

Владимир Маминов. Фото: fclm.ru

"Ақтөбе" футбол клубы мәлім еткеніндей, Маминовпен келісімшартқа қол қойылған.

Команда құрамын жасақтай бастаған жаңа бас бапкер "Ақтөбемен" бірге жуырда Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына аттанатын болады.

Айта кетейік, Маминов футболшы ретінде мәскеулік "Локомотив" құрамында 1992-2008 жылдары доп тепкен.

Өзбекстан құрамасында да ойнаған 45 жастағы Маминов бапкерлік мансабын Локомотивте" бастап, бас бапкердің көмекшісі болған. Уақытша бас бапкерлік міндетін атқарған ол кейін Қазанның "Рубин" клубына ауысқан.

2014 жылдан бастап "Химки", "Солярис" (Мәскеу), "Тюмень" клубтарын бас бапкер ретінде жаттықтырды. Кезінде бес мәрте ел чемпионы, үш реттен күміс және қола жүлдегер атанған "Ақтөбе" өткен маусымда премьер-лигадан түсіп қалған болатын.

Биыл Маминовтың жетекшілігімен оған қайта оралуды мақсат ететіні сөзсіз.

Еске сала кетейік, бұға дейін "Астана" клубына жаңа бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік. Енді елордалық клубты футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек жаттықтыратын болады.

Сондай-ақ, 2019/20-маусыма аяқталысымен Эрнесто Вальверде әйгілі "Барселона" клубының бас бапкері қызметінен кететінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақтөбе" футбол клубына жаңа бас бапкер келді