RU
Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Қазкенов Алан Аманжолұлы ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазғарыштың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Фото: kazcosmos.gov.kz

Қазкенов аталған лауазымға цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығына сәйкес тағайындалды.

Қазкенов 1971 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын менеджмент және зымыран жасау мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Жұмыс бойынша халықаралық ынтымақтастық және ұлттық компания мен ғарыш ведомствосының Даму стратегиясы мәселелерімен айналысты, ғарыш саласы, геодезия және картография бойынша ТМД мен ЕЭК мемлекетаралық кеңестері мен жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысты, Қазақстанның кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру жобаларының бастамашылары, ЕАЭО Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері топтарының жұмысына белсене қатысты, "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыруға қатысады.

"Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel