Тергеу барысында әуекомпанияның қызметі тоқтап қалды, олардың ішінде үш жүзге жуық қызметкер жұмыссыз, жалақысыз қалды. Bek Air қызметкерлері биліктен тергеу жұмыстарын тездетуді сұрады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуе компаниясының қызметкерлері қайғылы оқиғадан кейін үш апта бойы ақысыз демалыста жүргенін, ал оның қашан аяқталатыны белгісіз екенін хабарлады.
Олардың барлығы одан әрі не болатынын білмей, дал болып жүргені хабарланды. Олар тергеуді жеделдетуді сұрап отыр.
Тұрсын Ахметов есімді бортсерік компания жұмысын тоқтатқанына байланысты қызметкерлерге жалақы төленбейтінін айтты.
Бортсерік Мұрат Сахов Bek Air-ге үш жыл бұрын жұмысқа тұрды, ал қазір куәгер ретінде өтіп жатыр. Ер адам апатқа ұшырағаннан кейін жолаушыларға лайнерден шығуға көмектесті.
Дереккөз: КТК арнасы
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін негізгі нұсқаны атаған еді.
Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.
Сонымен бірге, апатқа ұшыраған ұшақ командира Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева алғаш рет сұхбат берді. Әйел адам тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесіне мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін емес екенін айтқан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836137-almatydagy-ue-apaty-bek-air-kyzmetkerleri-tergeudi-tezdetudi-srauda.html