RU
Ақтөбеде жас жұбайлар қымбат той кортежінен бас тартып, балаларды қуантты (фото)

Ақтөбеде жас жұбайлар қымбат той кортежінен бас тартып, балаларды қуантты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік жас жұбайлар қымбат той кортежінен бас тартып, балалар үйіне барды. Жаңа өмірге алғашқы қадамдарын қайырымдылықтан бастаған жастардың бұдан алған әсері ерекше деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұржігіт Әлмұханов келіншегімен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Нұржігіт Әлмұханов келіншегімен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жас отбасының отағасы Нұржігітті айтуынша, олар ақшаны босқа ысырап қылғаннан гөрі, пайдалы іске жұмсауды дұрыс деп тапқан екен.

"Алғашында фотосессиядан кейін басқалар секілді қала аралаймыз деп ойлаған едік. Есептеп қарағанда оған 50 мың теңгеден аса қаржы кетеді екен. Кейін ақшаны босқа ысырап қылғаннан пайдалы іске жұмсауды ойладық. Балалар үйіндегі қамкөңіл бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау дұрыс деп шештік. Ойымды достарым да қолдады. Балалар періште ғой. Отбасымның алғашқы қуанышын солармен бөліскім келді. Келіншегіме де қатты әсер етті. "Алдағы уақытта да келіп тұрайықшы" деген тілегін айтты. Қуанышымызды сөзбен жеткізе алмаймыз. Шын мұқтаждың алғысынан артық бақыт жоқ", - дейді Нұржігіт Әлмұханов.

Креативті күйеу жігіт атанып жатқан Нұржігіт Әлмұханов 18 жаста. Ол Ақтөбедегі "Жүректен жүрекке" еріктілер тобының мүшесі. Отбасылы болған 1 курс студенті сырттай бөлімге ауысқан. Ал қалыңдық Айниза Жүсіпбекова 18 жасқа енді толады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жас жұбайлар қаладағы "Аяла" балалар орталығына барған. Қалыңдықты ақ көйлекпен көрген балалар қуана тілектерін жаудырған.

"Орталыққа хабарласып "балаларға қандай сыйлық жасаған дұрыс?" деп ақылдастық. Олар күнде киілетін, жиі тозып қалатын іш киімдер әкелуге болатынын айтты.
Балаларға тамақ бес мезгіл берілетіндіктен азық-түліктің жеткілікті екенін ескертті. Сол себепті қажетті іш киімдерді тәрбишілерге апарып бердік. Балалардың көңілін көтеру үшін жеміс-жидек салынған пакет сыйладық. Балалар үйіне еріктілер болып, осыған дейін де барған едік. "Жүректен жүрекке" еріктілер тобы балаларды қорғау күнінде оларды лимузинмен қыдыртты. Сол кездегі балалардың қуанышы көз алдымнан кетпейді.
Осы "Жүректен жүрекке" еріктілер тобының қатарында жүргеніме ата-анам да қуанады. Бұзық жастардың қатарын таңдамай, Алла разылығы үшін көмек қолын созып жүрген жастармен бірге болғаныма риза", - дейді күйеу жігіт.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жас жұбайлардың үйлену тойы Темір ауданы Шұбарши ауылында 17 қаңтарда өтпек.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұған дейін әйгілі футболшы Месут Озилдің келіншегі Амине Гульшемен бірге 219 баланың отасына көмектесіп, қайырымдылық жасағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
3
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel