RU
АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы шабуыл жасалды

АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы шабуыл жасалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Бағдатқа жақын орналасқан әскери базасына шабуыл жасалды. Зымыранмен атқылау 14 қаңтарда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Mirror басылымының жазуынша, Таджи базасына реактивті артиллериядан шабуыл жасалған. Ол Ирак астанасынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан.

РИА Новости берген ақпаратқа сәйкес, шабуыл кезінде әскери қызметкерлер жарақаттанбаған. Өңірдегі әскери күштер коалициясының өкілі Майлз Кэггинс осындай мәлімдеме жасаған.

Сондай-ақ, америкалық базаға бір дүркін от жүйесімен оқ атқыланғаны хабарланған.

Айта кету керек, әскери база коалициясына жасалған жаңа шабуылды әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Еске сала кетсек, қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Ирак аумағындағы АҚШ-тың әскери базаларына шабуыл жасалған еді. Ол кезде атысты ирандық әскерилер генерал Сулейманидің өлімі үшін, кек ретінде ұйымдастырған.

"Кудс" көшбасшысы Бағдатты бомбалау кезінде 3 қаңтарда қаза тапқан.

8 қаңтарда әскери базаға шабуылдан кейін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты.

Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Сондай-ақ, күні кеше Иранда украиналық ұшақ апатына байланысты бірнеше адам тұтқындалғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel