Выйти
RU

Бес жыл бойы күріш пен чили бұрышын жеген студент көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда бес жыл бойы тек күріш пен маринадталған чили бұрышын жеген студент қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости агенттігіне cілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бойжеткен анасынан төрт жасынан айырылған. Ал 14 жылдан кейін әкесі де марқұм болды.

Осыдан кейін ол інісіне қамқорлық жасаған.

Психикалық проблемаларға байланысты студентке жиі медициналық көмекке жүгінуге тура келген. Осыған байланысты ол ай сайын 300 юань (шамамен 17 мың теңге) жәрдемақы алып отырған.

Бұл қиыншылыққа қарамастан қыз бала колледжге түскен.

Оған оқу орнында жеті мың юань (шамамен 380 мың) стипендия төленді.

Бойжеткен інісімен бірге аға-жеңгесінің үйінде тұрған, алайда ол жерде де қаржылық қиындықтарға тап болған.

Студент ару ақшаны үнемдей бастады. Нәтижесінде бес жыл бойы теке күріш пен маринадталған чили бұрышмен тамақтанады. Бұл жағдай қыздың әлсіреуіне алып келді, ол шамамен 22 келі ғана болған.

Өткен жылдың қазан айында студентке жүрек және бүйрек проблемалары диагнозы қойылған.

Осыдан кейін қыз бала қайырымдылық ұйымдарына жүгінуге мәжбүр болған. Ал оның әңгімесі елдің назарын аударған.

Осының нәтижесінде оның еміне бір миллион юань жиналды (шамамен 55 миллион теңге). Алайда бұл сома бойжеткеннің толық жазылуына жеткіліксіз еді.

Дәрігерлер студентті құтқара алмады. Ол 13 қаңтар күні көз жұмған.

Еске сала кетсек, Қытай сауда орталықтарының біріндегі спа-салонның төбесінен салмағы 19 келі болатын питон құлап түскенін жазған болатынбыз. Ұзындығы 4 метрді құраған жылан бұл жерді шамамен 10 жыл бойы мекен еткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бес жыл бойы күріш пен чили бұрышын жеген студент көз жұмды