Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңыр" тобының бұрынғы әншісі жеке өміріне қатысты қауесеттерге нүкте қойды

Опубликовано:

"Қоңыр" тобының бұрынғы мүшесі Жазира Қошанова алғаш рет жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі ел арасында өзіне қатысты тарап кеткен қауесеттерді жоққа шығарып, әлі тұрмысқа шықпағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлық ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Танымал топ құрамынан шыққан соң Қошанова жұмыс бабымен шетелге аттанған. Онда ол модельдік бизнеспен айналысқан. Алайда, араға бір жыл салып, әнші ару елге қайта оралады. Сол кезде оның тұрмысқа шығып, кейіннен ажырасып қайтып келгені жайлы қауесеттер тарай бастаған.

Бірақ, өнер иесі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартып, жеке өміріне қатысты мәселеге нүкте қойды. Ол басынан өткен махаббат хикаясын да баяндап берді.

"Бір жыл көлемінде Малайзия елінде болдым. Ол елден келгеннен кейін, журналистер маған хабарласып "Сіз тұрмысқа шығып кетіпсіз, бір жыл болмай қайтып келіпсіз" деді. Шетелге негізінен жеке отбасылық мәселеге қатысты кеттім. Оны жасырмаймын. Ол елде жігітім болды. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бір-біріңмен танысып, жақын біліскеннің несі айып?
Бізді достарымыз таныстырды. Бір жыл көлемінде ұялы телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Ол Қазақстанға келіп тұрды. Хабарласып жүргенімізде ол кісі маған "Сенің бойың, фигураң бар. Бізде модельдік бизнес дамыған, келіп басқа салада жұмыс істеп көр және екеуміз жақын танысып көрейік" деді. Мен бардым. Әр нәрсенің соңы болады ғой. Сол сияқты өзім ұзақ уақыт бойы өнер көрсеткен "Қоңыр" тобынан ағаларымның батасын алып кеттім" , - дейді Қошанова.

Шоу-бизнес жұлдызы еліне оралған сәтте ел арасында оның жеке өмірі қызу талқыға түскен. Ақ-қарасы белгілі болмай жатып, оған қатысты түрлі қуаесеттер тараған.

"Бірі ажырастырып, бірі қосып жатты. Қазір, құдай сақтасын, тұрмыста емеспін. Құдай сақтасын деппін-ау. Тұрмысқа шыққан жақсы дүние, бірақ ажырасқаннан құдай сақтасын. Сөздің шыны керек, әлі етегім көтерілмеген адаммын. Сондықтан адамды білмей жатып, әлеуметтік желілерде "сен анадан қалғансың, сен мынадайсың деп түрлі ұятты сөздер жазады. Сол кісілерге айтарым, адамды танымай жатып, сыртынан балғат сөз айтудың қажеті жоқ" , - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін 50 жасқа толған Бақыт Шадаева талғамындағы ер азаматың қандай болу керектігін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836158-koyr-tobyny-bryngy-nsisi-zine-katysty-ajtylgan-kauesetterge-nkte-kojdy/

pixel