RU
Жылан атанып кеткен үндістандық бала жайлы не білеміз

Жылан атанып кеткен үндістандық бала жайлы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Орисса штатында сирек кездесетін дерт түрімен ауыратын он жасар бала жылан атанып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Джаганнатаның денесі жылан қабыршағын еске салатын күстенген әрі кебірленген құрғақ терімен жабылған.

Мұның себебі ламелляр ихтозы деп аталатын айықпас дерт. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кішкентай бала сағат сайын шомылып, күніне бірнеше рет терісін ылғалдандырып отырады.

Джаганнаттың терісінің құрғақтығы соншалықты ол орнынан әрең қозғалады. Оның әкесі Прабакар Прадан күріш алқабында еңбек еткендіктен ұлының еміне ақша төлей алмайды.

"Ұлыма көмектесу үшін ақшам болмағанына менің жүрегім қан жылайды. Ол осы қарғыс атқан аурудан күн сайын зардап шегеді", - дейді Прадан.

Айта кетсек, ламелляр ихтиозы - 600 мың адамның біреуінде кездесетін туа бітті ауру. Бұл дертті емдеу мүмкін емес, алайда дәрілер мен ылғалдандыратын кремдердің көмегімен ауруды жеңілдетуге болады.

Еске сала кетсек, Қытайда бес жыл бойы тек күріш пен маринадталған чили бұрышын жеген студенттің көз жұмғанын хабарлаған едік. Студент қыз ашасын үнемдеймін деп дұрыс тамақтанбаған. Оның салмағы небәрі 22 келі болған.

Өткен жылдың қазан айында студентке жүрек және бүйрек проблемалары диагнозы қойылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel