Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік үш жігіт моншада отырып, лаңкестікке үгіттеген

Опубликовано:

Ақтөбеде моншаға жуынуға келген адамдарды лаңкестікке үгіттеген үш жігіт сот алдында жауап беріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жат ағымның жетегінде кеткендердің үлкені 47 жастағы Бағдат Бисенбаев. Ол 27 жастағы серігі Әділжан Дәулетов екеуі сот барысынды бірден кінәларын мойындаған.

Ал үшінші айыпталушы Ерсайын Құлымтай адвокатымен ұзақ кеңесуден кейін прокурорларға процессуалдық келісімге келуге өтініш білдірді.

Алайда құқық қорғаушылардың оны қабылдау-қабылдамауы белгісіз.

Телеарна мәліметінше, үш күдікті насихат айтуға қолайлы жер ретінде моншаны таңдаған.

Олар буға түсіп, жуынуға келгендерді радикалды ойларымен елітпек болған көрінеді. Тіпті лаңкестікке шақырған. Сотталушының үшеуі жұмыссыз екендігі сот отырысында айтылды.

Айыпталушылардың "үгіт-насихат" жүргізіп отырған сәтін сонда барғандардың бірі таспаға түсіріп, құзырлы органдарға хабарлапты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, өткен аптада Алматыдағы "Esentai Mall" сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабар түсіп, ондағы адамдар шұғыл түрде шығарылған еді. Құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Кейін белгілі болғандай, сауда орталығы толықтай тексеріліп, нәтижесінде тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836174-aktbede-s-er-adam-trgyndardy-monsada-lakestikke-gittegen/

pixel