Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі рэпер Akon өз қаласын салатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Қалың көпшілікке Akon лақап атымен танымал, америкалық рэпер әрі бизнесмен Эйкон Тиам Twitter желісіндегі парақшасында Сенегалда өз қаласын салатынын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости агенттіген сілтеме жасап.

Фото: Instagram/akon
Фото: Instagram/akon: Instagram

Рэперге 800 гектар аумақты Сенегал президенті Маки Салл сыйға тартқан.

Қала 2025 жылы Мбодиен елді мекеніндегі теңіз жағалауында салынады деп күтілуде.

Akon Сity әуежайдан бес минуттық қашықтықта орналасып және барлық қажетті инфрақұрылыммен, соның ішінде мектеппен жабдықталмақ. Қала тұрғындары мен қонақтары арнайы AKoin сандық валютасы арқылы төлем жасай алады.

Желі оқырмандарына бұл жаңалықты жақсы қабылдады.

"Егер құрылысшылар қажет болса, хабарлас", "Сенегалға қайта келуді армандайтын боламын", "Керемет бастама, сен мықты жігітсің", - деген пікірлерін қалдырды олар.

Айта кетейік, Эйкон Тиам Сенегалда жеті жасқа дейін тұрған. Кейін отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Рэпердің көптен бері жаңа әндер шығармай кеткенін, тыңдармандары үлкен бизнеске кетуімен байланыстырады.

2013 жылы өнер иесі Африканың өмір сүру деңгейін жақсартуды армандайтын мәлімдеді. Сол себепті де Эйкон Тиам аталған құрлықта көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады.

Еске сала кетсек, осыған дейін жаңа жылдың алғашқы күндері елімізде жаңа қала пайда болғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836192-jgili-reper-akon-z-kalasyn-salatynyn-mlimdedi/

pixel