RU
Алматыда тұтқындалған жігіт тергеу изоляторында қайтыс болды

Алматыда тұтқындалған жігіт тергеу изоляторында қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда тұтқынға алынған жігіт тергеу изоляторында кенеттен көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Ведомствода хабарлағандай, қайғылы оқиға 14 қаңтарда болған.

"Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында тергеуге қамалған азамат кенеттен қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі сот- медициналық сараптамаға сәйкес, өлім себебі өкпе-жүрек жетіспеушілігі болып табылғанын, азаптау белгілері анықталмағанын хабарлады.

Аталған фактіге сәйкес тиісті тексеру жұмыстары бекітілді.

Айта кетейік, Қарағандыда мектеп мұғалімі есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, тәртіп сақшылары тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды саудалағанын анықтаған.

Айыпталушы полиция қызметкерлеріне ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатыпты.

"Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram мессенджерінің көмегімен іздестіріпті. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel