RU
"Келіншегімен бірге тұрады": Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлына пәтер алып берді

"Келіншегімен бірге тұрады": Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлына пәтер алып берді

Рассказать Вконтакте

Әнші Меруерт Түсіпбаева биыл жаңа жылды әдеттегідей дүркіретіп тойламағанын айтты. Себебі, өнер иесі мереке қарсаңында жалғыз ұлына Алматыдан пәтер сатып алып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Шоу-бизнес жұлдызы баласына баспана сыйға тарту үшін қомақты қаржы жаратқандықтан, өнердегі өзге әріптестері секілді шетелге демалысқа да бармаған.

"Өткен жыл мен үшін күрделі жыл болды. Балам "IELTS" тапсырды. Балам ЕНТ тапсырды. Бір тал бала болғандықтан мен қатты алаңдадым, қатты уайымдадым. Шынын айтсам ешқайда демалуға да барған жоқпын. Балама үй алдым. Ол сондай оңай ақша емес" , - деді Түсіпбаева.

Оңтүстік астанамыздың орталығында орналасқан үш бөлмелі пәтерді өнер иесі бас-аяғы жеті айда жөндеуден өткізіп, ұлына тосын сый жасаған.

"Келешекте келіншегімен бірге тұрады. Мен бөлек кетемін", - дейді әнші

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева болашақ келініне қояр талабын айтқан болатын. Өнер иесі кейін ұлының отбасымен бірге бір шаңырақ астында тұрмайтынын кесіп айтты. Ол ұлы мен келінін бөлек шығармақ ниетте.

Оған қоса, Түсіпбаева ұлының жалғыз болғанына қуанатынын айтып, елді таңғалдырған болатын. Әнші бұл жайт баласының тек өзіне ғана сеніп, әр қадамын сақ басып жүруіне септігін тигізеді деп есептейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel