RU

New York Times Иранда апат болған украиналық ұшаққа зымыран тиюі мүмкін сәтті көрсетті

Рассказать Вконтакте

New York Times басылымы Тегеран маңында апатқа ұшыраған украиналық Boeing 737-800 ұшағына зымыран тиюі мүмкін сәтті көрсететін видео жариялады. Онда ұшаққа зымыранның қалай тигені көрінеді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Фото: ISHA PHOTO

Фото: ISHA PHOTO

Кадрдан болжам бойынша ұшаққа алдымен бір зымыран жіберілгенін аңғаруға болады.

30 секундтан кейін атылған екінші снарядтың әуе кемесіне тигені, осы уақытта ұшақтың аспанда бір минуттай тұрып, төменге қарай құлдилағаны да видеода көрінеді.

БАҚ роликті YouTube желісіне 14 қаңтар күні ирандық қолданушының жүктегенін анықтады.

Сонымен қатар видеоның Тегеран жанындағы Бидкан елді мекеніне жақын жердегі ғимарат шатырына қойылған камераға түсірілгені айтылды.

Кейінірек Рейтер Fars Иран агенттігіне сілтеме жасап, Ислам революциясы күзет корпусы (IRGC) видео авторын ұстады деп хабарлады.

Жергілікті билік аталған істі тергейтінін мәлімдеп, оның нәтижелерін көпшілікке көрсету туралы уәде берді.

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Сонымен қатар Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани украиналық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен. Хасан Рухани Иран әскери күштерінің украиналық лайнерді атып түсіргені үшін барша Украина халқынан және осы қайғылы жағдайдан қаза болған жандардың туыстарынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ ол ұшақ апатына кінәлі адамдар жазаланатынын айтқан болатын.

Кеше осы әуе апатына қатысы бар бірнеше адам қамауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
New York Times Иранда апат болған украиналық ұшаққа зымыран тиюі мүмкін сәтті көрсетті
Mailfire view pixel