Выйти
RU

"Әділ шешім шықса": Bek Air ұшағы апатынан қаза тапқан командирдің анасы пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырап, 12 адам қайтыс болды. Марқұмдар арасында экипаж командирі Марат Мұратбаев та бар. Тәжірибелі ұшқыштың анасы ұлының ажал құшқанына сенбейді. Ол қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстары әділ өткенін қалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Апта" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр/ Apta

Фото: Видеодан кадр/ Apta

Қызметін атқару барысында қаза тапқан Марат Мұратбаев артында сексендегі анасы, жары мен екі ұлы қалды.

"Мен сенген жоқпын, білмеймін. Үйдегі Талғат деген екінші балам мен келінім екеуі келе жатыр екен. "Талғат, сен естідің бе? Bek Air ұшағы апат болыпты. Біздің Марат сонда істемей ме?" деп сұрасам, балам бірден құшақтап, "айырылып қалдық" деп айтты", - деген Кермақыз Мұратбаева көз жасына ерік берді.

Енді қайғыдан қан жұтқан ана тергеудің ашық өтіп, шешімнің әділ болғанын қалайды. Ол қандай жағдай болмасын, ұлының дұрыс әрекет еткеніне сенеді.

"Әділ шешім шықса деп ойлаймын. Жазда үш ай Африкада болып келді. Әулеттің мақтанышы болды", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының командирі Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева алғаш рет сұхбат берді. Ол тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесіне мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін емес екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әділ шешім шықса": Bek Air ұшағы апатынан қаза тапқан командирдің анасы пікір білдірді