Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасиетті Құранда кездеседі": Балдың адам денсаулығына қандай пайдасы бар

Опубликовано:

Бүгінде ара балының денсаулыққа пайдалы екенін білмейтін жан кемде-кем. Алайда аталған табиғи өнімнің адам ағзасына нақты қалай әсер ететінін, оның неше түрі болатындығын естімегендер баршылық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ бал туралы пайдалы ақпараты El.kz сайтына сілтеме жасап ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бал қандай ауруларға ем ретінде қолданылады?

  • Бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді.
  • Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды.
  • Жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, өтке пайдалы.
  • Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, күйікке ем ретінде пайдалануға болады.
  • Балдың аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың құрамы туралы естігенсіз бе?

Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді.

Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді.

  • Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер, минералды тұздар, пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
  • Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

Құранда бал туралы не деп жазылған?

Қасиетті Құранда балда шипа бар екендігі айтылған.

Жаратушы ие араға бал жасайтын түйсік дарытқанын мына аяттарда айтады:
"Раббың бал арасына былай деп уаһи етті: "Таулардан, ағаштардан және адам­дар салған күркелерден өзіңе ұя жаса. Сосын әртүрлі жемістермен қоректеніп, Раббыңның саған жайылуға жеңілдеткен жолымен жүр!". Араның қарнынан түрлі-түсті бал шығардық, онда адамдарға шипа бар. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат жатыр" ("Нахл" сүресі, 68-69 аяттар).

Ара балының қандай түрлері бар?

Ғалымдардың айтуынша, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып екіге бөлінеді.

  1. Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай неше түрлі атайды.
  2. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиға өнімді қалай сақтау керек?

Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Айта кетейік, бұған дейін саумал сусынының пайдасы туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836218-kasietti-kranda-kezdesedi-baldy-adam-densaulygyna-kandaj-pajdasy-bar/

pixel