Выйти
RU

Мұсылман салты бойынша неке қидырған имамның жары жігіт болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Угандада Мухаммад Мутумба есімді имам Шабулла Набукира есімді бойжеткенмен некесін қидырды. Алайда, бақытқа кенелген дін қызметкерінің қуанышы ұзаққа созыла қойған жоқ. Себебі, екі аптадан кейін оның жары Ричард Тумушабе есімді ер азамат болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: newvision.co.ug

Фото: newvision.co.ug

Мутумба әйелдің киімін киген алаяқпен өткен жылдың соңында мешітте танысқан. Желтоқсан айында олар мұсылман салты бойынша той жасаған. Оның алдында имам "қалыңдықтың" ауылдағы әпкесіне барып, қалың малына екі қап қант, екі ешкі, киім мен Құран данасын тастап кетіпті.

Екі апта бойы "Набукира" дін қызметкерімен төсек қатынасына түсуден, оның алдында шешінуден бас тартып жүреді. Ол неке түні болмас бұрын күйеуін ата-анасымен таныстырғысы келетінін сылтауратады. Хиджаб оранған азамат бет-әлпетін бояп, жалған төс те салып алады.

Біраз күннен кейін "имамның әйелі" ұрлық жасады деген күдікке ілінеді. Жамылғымен жүрген Тумушабе дуалдан секіріп, көршісінің үйінен киім мен теледидар, сондай-ақ 81 доллар ақша ұрлап кеткен.

Қылмыскер түрмеге отырған соң барлық алаяқтық әрекеттері ашылды. Одан бөлек, қалың мал алған "әпкесі" де құрықталды. Ол Тумушабемен бір жыл бұрын танысқанын жеткізді.

Айта кетейік, Үндістанның Орисса штатында сирек кездесетін дерт түрімен ауыратын, сол себепті жылан атанып кеткен 10 жасар бала тұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мұсылман салты бойынша неке қидырған имамның жары жігіт болып шықты