RU
Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі ұзартылды

Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі ұзартылды

Рассказать Вконтакте

Бішкектің Первомай аудандық соты мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында өткен көшпелі сот отырысында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін ұзартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ АКИpress-ке сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев. Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Алмазбек Атамбаев. Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Экс-президенттің қорғаушысы Замир Жоошевтің айтуынша, Атамбаев 15 наурызға дейін тергеу изоляторында отырады.

Қорғаушы тараптың пікірінше, Қырғызстан қылмыстық іс жүргізу кодексінің 479 бабына сәйкес, өкілеттігін тоқтатқан президент ұсталып немесе қамауға алынбауы тиіс.

Бұрынғы мемлекет басшысының қорғаушысы сот шешімін негізсіз деп тауып, 10 күн ішінде бұл шешімге шағым түсіруді жоспарлап отыр.

"Бұл Алмазбек Шаршеновичтің денсаулығымен де байланысты. Қан қысымы өте төмен, оны тергеу изоляторында ұстауға болмайды", – дейді Жоошев.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың бұған дейінгі сот отырысына қатысудан бас тартып, залдан шығып кеткенін хабарлағанбыз.

Экс-президентке 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Оның ішінде, кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Атамбаевтың қорғаушылары экс-президенттің заңсыз тұтқындалғаны туралы шағым түсіріп, Первомай аудандық сотында оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге тырысқан.

Алайда, Бішкек қалалық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқындау туралы шешімді заңды деп тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel