RU

"Бір орыннан екінші орынға секіреді": Тоқаев кей шенеуніктерді шегірткеге теңеді

Рассказать Вконтакте

Ақордада президент резерві мүшелерінің мемлекет басшысымен кездесуі өтті. Жиын барысында Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппаратта бес жүзге жуық өзгерістер болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті соңғы уақытта мемаппаратта жиі болып жатқан қайта құру мемлекеттік органдардың жұмысына оң әсер етпейтінін айтты.

"Мемлекеттік органдардағы ауысу көрсеткіші, жалпы алғанда, норма шегінде – 6-10%. Шын мәнінде, министр немесе әкім ауысқан кезде, кадрлық құрам да әжептәуір өзгеретіні баршаға аян", - деді Тоқаев.  

Оның айтуынша, кейбір мемлекеттік қызметкерлер ескі жүйеден шыға алмай, елдегі жаңғыру процестерін тежейді.

"Ведомстволар мен бөлімшелердің басшылары шегіртке сияқты бір қызметтен басқасына секіріп жүр. Сол себепті Қазақстанға қоғамның талаптарына жауап беретін тиімді әрі әділ мемлекеттік басқару моделі қажет", - деді президент.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде меритократия принциптері үнемі сақтала бермейтінін атап өтті.

"Әлі күнге дейін қызметте таныс арқылы, ықпалды қамқоршылар арқылы көтерілу жағдайлары кездеседі. Бұл шындық қой. Мұны бәріміз де білеміз. Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қатаң сынға алып, анализ жүргізген жөн. Қоғамның пікірін де ескеру қажет", - деді ол.

Еске сала кетсек, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті.

Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Ұлттық комиссияның шешімі бойынша бұл тізімге 300 қазақстандық енген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бір орыннан екінші орынға секіреді": Тоқаев кей шенеуніктерді шегірткеге теңеді
Mailfire view pixel