Выйти
RU

Ақтауда мұнара краны құлауынан зардап шеккен азамат қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда мұнара кранының құлауынан ауыр жарақат алған азамат ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 24 жастағы азамат 14 қаңтар күні мұнара краны құлағаннан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Медицина қызметкерлері оқиға орнына жеткенде ол ес-түссіз жатқан. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем арқылы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

"Науқас бас жарақатын алған, бас миы контузияланған, басы жарылған, сол жақ білек сүйектері ашық сынған, оң жақ білек сүйектері жабық сынған, оң жақ мықыны, сол жақ сүйегі ашық сынған",- деді басқармада.

Жас науқас сегіз сағаттан кейін медициналық мекеме қабырғасында көз жұмды.

Облыстық ТЖ департаментінде хабарлағандай, сол күні оқиға орнына құтқарушылар арнайы көліктермен барып, өз тарапынан көмек көрсеткен.

Ведомствода мұнара краны 2008 жылы шыққанын, бес тонна жүк көтере алатынын да мәлімдеді.

Одан бөлек, оқиға орнына жағдаймен танысу үшін еңбек инспекциясының өкілі барғаны белгілі болды. Енді төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінде мұнара краны құлап кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда мұнара краны құлауынан зардап шеккен азамат қайтыс болды