Выйти
RU

Жапониялық ару ұшаққа кіру үшін жүктілік тестін жасауға мәжбүр болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапониялық саяхатшы Сайпан аралында тұратын ата-анасына ұшып бармақшы болған. Алайда әуежай қызметкерлері арудан жүктілік тестін жасатуды сұрап, оны таңғалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vse42.ru cайтына сілтеме жасап.

әуежай

Көрнекі фото: pixabay.com

Жапониялық бойжеткен Сайпан аралына бара жатқан жолда жүктілік тестін жасауға мәжбүр болыпты. Арудың қолына әуежай қызметкерлері сауалнама беріп, соған қатысты жауап беруін сұраған.

Саяхатшының сөзінше, ол болған жағдайдан ұялып қалған және әуекомпанияның мұндай әрекеттері жайлы бұрын-соңды естімегенін сөз етті.

Дегенмен тест теріс нәтиже шығарып, бойжеткен лайнердің ішіне кіре алған.

Әуекомпания өкілдері мұндай тексерістердің көші-қон заңдарына сәйкес жасалғанын нақтылап өтті.

Алайда олардың сөзінше, мұндай тәжірибе компания жұмысына біраз қиыншылықтар әкеледі деп жазады The Sun.

Сайпан - Америка Құрама Штаттарымен еркін байланыстағы мемлекет болып табылатын Солтүстік Мариан аралдарының бөлігі.

Саяхатшылар елге визасыз кіріп, дүниеге сәби әкеледі. Яғни, балалары Америка азаматтығын алады. 2018 жылы Сайпанда жергілікті тұрғындарға қарағанда шетел азаматтары көбірек туған.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Алматы әуежайы маңында Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған.

Оқыс оқиғадан қаза тапқан командирдің анасы пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапониялық ару ұшаққа кіру үшін жүктілік тестін жасауға мәжбүр болды