RU

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 17 жастағы ару күле алмай қалды

Рассказать Вконтакте

17 жастағы Англия тұрғыны Билли Ходжсон катаплексия ауруына шалдыққан. Көңіл-күйдің әп-сәтте өзгеруіне байланысты туындайтын бұлшықет дәрменсіздігі бойжеткеннің өмірін едәуір қиындатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

бір штук жаңалық

Көрнекі фото: pixabay.com

Аурудың қоздырғышы - нарколепсия.

Қатты қуанғанда, толқығанды немесе қорыққанда оның бұлшықеті жансызданады екен.

Бұл аурумен көбінесе жасөспірімдер ауырады. Олардың жүйке жүйесінде есею кезінде "ақаулық" пайда болады. Мұндай жағдайға көбінде ұйқының бұзылуы түрткі болған.

Билли үнемі өзін әлсіз сезініп жүретін болған. Түнде ұйқысыздық мазалағандықтан, ол дерті қозып кетпеуі үшін тек таңда ұйқыға батады екен.

Бойжеткен әзілқой достарынан алыс жүруге тырысады. Билли ауру қозған сайын жақындарының өздерін кінәлағанын қаламайды екен.

Достары әзілдеген кезде ару тек жымиып, өзін байсалды ұстауға тырысып бағады.

"Менің мәселемді білетін адамдар жанымда тұрып, әзілдемеуге тырысады. Сол себепті олармен әңгімелескен кезде біраз қиындықарға тап боламыз", - деді ол.

Бойжеткен өзін тек үйде қауіпсіз сезінеді. Туыстары оның көңіл-күйінің лезде өзгермеуі керек екенін біледі.

Қалыпты ұйқы мен сабырлылық - катаплексияның бірден бір емі.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда бес жыл бойы тек күріш пен маринадталған чили бұрышын жеген студент қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сирек кездесетін дертке шалдыққан 17 жастағы ару күле алмай қалды
Mailfire view pixel